Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не арнайы жұмыс сапарымен, VII шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы қарсаңында, осы шақырылымының депутаттары: Қарақат Жақсылыққызы Абден, Алмагүл Тлектесқызы Сегізбай, Лязат Мұратқызы Разбекова-Тулеуханова, Назгүл Сейітқожықызы Мақжановалар келді.
Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы депутаттарды мекеменің қызметімен таныстырды. Мекемемен танысу барысында, депутаттарымыз ЕДШ, физиотерапия, оңалту кабинеттерінде, сонымен бірге бассейн, логопедтер мен сенсорлы кабинеттерде болды. Бұл кабинеттер біздің балаларымыздың денсаулығы мен оңалуына арналған. Жанұялық топтар мен «Күнім» оңалту тобының кішкентай тұрғындары қонақтарымызды жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Олар өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, астаналық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады.
Балалар үйінің ұжымы, VII шақырылым депутаттарына, үйіміздің бүлдіршіндерін қолдап, арнайы келгендері үшін, үлкен алғыс білдіреді.
Сіздерге бақыт, денсаулық, жемісті еңбек және жұмыстарыңызға үлкен жетістіктер тілейміз!