Міне, "Күнім" тобындағы оңалтудың кезекті курсы аяқталды. Балалармен қоштасатын болғандықтан, бүгін біздің көңіл күйіміз жабырқаулы. Бірақ балаларға, олармен осы уақыт ішінде болған өзгерістерге қарап, осындай керемет бүлдіршіндердің жеткен жетістіктерін мақтан ете алатынымызға қуаныштымыз!
9 сәуір күні, "Күнім" оңалту тобының "Қанат қақты балапан" атты қоштасу кеші өтті. Мамандарымызбен бірге, залға кішкентай балапандар кірді! Өздерінің қоштасу мерекесінде, бүлдіршіндеріміз қасықтар мен музыкалық аспаптарда ойнады, сондай-ақ қызықты ойындар ойнап өздерінің дайындаған өлеңдерін жатқа айтты.
Балалардың ата-аналарының жолдаған, мекемеміздің директоры Сәуле Кенжетайқызы мен ұжымымызға айтылған жылы сөздері мен алғыстары жазылған бейне таспа, біздің жасап жатқан еңбегіміздің бекер емес екендігінің дәлелі. Біз балаларымызға ақ жол тілейміз! Ия, біз қателескен жоқпыз! Себебі, осы қысқа уақыт ішінде, олар біздің балаларымыз болып кетті. Сендерге сәтті сапар, жаңа таныстар, көптеген қызықты кезеңдер мен өмірлеріңде таңғажайыптардың көп болуына тілектеспіз! Ақ жол балапандар!