Мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Ораза айы келіп жетті. Осындай қасиетті айда, біздің балалар үйінің «Қабылдау» тобының тәрбиешісі Баян Ақышқызы кішкентай бүлдіршіндерімізді керемет сыйлықтарымен қуантты. Алда жайдары жаз мезгілі келе жатыр.
Баян Ақышқызы сәбилерімізге, бастарын күннің ыстығынан қорғап тұратын жаздық бас киімдерді тарту етті. Балаларға деген мейірімділігіңіз бен жанашырлығыңыз үшін, үлкен алғыс білдірміз. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяңызға бақыт және керемет көңіл күй тілейміз! Ораза айы құтты болсын!