Көктем келді

Сәуір 15, 2021

Міне, көптен күткен көктем де келді! Біздің үйдің қызметкерлері мен бүлдіршіндері таза ауада көңілді спорттық жаттығулар өткізді. Балалар жаттығулар жасап алып, ойын алаңында машина айдап, велосипедпен жүрді.

Құрсаулармен түрлі қимылдар жасап, қызықты ойындар ойнады. Осылайша, біздің кішкентай балаларымыз салауатты өмір салтының негізгі құрамының бірі ретінде қозғалыстың қажеттілігі мен маңыздылығын тағы да еске салды.

Оқылды 329 рет