Физиотерапиялық жаттығулардың (жаттығу терапиясының) ағзаға пайдалы екендігі бұрыннан белгілі. Біздің балалар үйінде өзінің оңалту бөлмесі бар. Церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға арналған емдік дене шынықтыру терапиясы және оңалту бағдарламасы әрқайсысына жеке-жеке таңдалады. Бізде, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға арналған, оларды мүгедектер арбасынан тұрғызу үшін қолданылатын «Фаэтон - тренажерлық комбинезоны» бар. Бұл костюмдерді ЕДШ нұсқаушылары мен дәрігер-реабилитологтар балалардың еміне қолданады.
Жаттығу терапиясы сабақтарына гимнастикалық доппен ойындар, босаңсыту жаттығулары, отыру және жату жағдайында жасалатын жаттығулар, сонымен қатар гимнастикалық тренажерларда жасалатын аз жүктемелерді ынталандыру жаттығулары кіреді.
Сондай-ақ, балалар емдік массаждың толық курсын алады. Бала мүгедектер арбасынан түсіп, өзін-өзі күте бастаған кезде нәтиже жақсы деп саналады. Оған көп жылдар керек. Бірақ біз үмітімізді үзбейміз! Біздің балалар үйінің тәжірибелі мамандары, көмекке мұқтаж барлық балаларға қол ұшын созуға әрқашан дайын!