19.04.2020 жылы Балалар үйінде ауруханалық кеңес өтті. Кеңестің тақырыбы «ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА, БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЖАҒДАЙЫ». Қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, басты мәселенің бірі болып тұр.
Осы орайда, біздің балалар үйінде мемлекеттік тіл мәселесі қалай қолға алынып жатыр, қандай өзгерістер болып жатыр, осы туралы мекеменің қазақ тілінің мұғалімі Қарлығаш Лесбайқызы «ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА, БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЖАҒДАЙЫ» тақырыбында, соңғы 3 жылға есеп берді. Есеп, мекемедегі мемлекеттік тілде жүргізілетін құжаттардан бастап, қазақ тілінде өткізіліп жатқан іс-шаралар мен мерейтойларды, көрнекіліктер мен хабарландыруларға дейін толық қамтыды.
Қарлығаш Лесбайқызының жасаған есебі қанағаттанарлық деп табылып, жасаған ұсыныстары ұжымда қолдау тапты.