Бауыржан Бекарыстанұлы Танабаевқа үлкен алғыс білдіреміз

Сәуір 26, 2021

Біздің балалар үйінің жанашыры, ескі досымыз Бауыржан Бекарыстанұлы Танабаевқа, осынау қасиетті Рамазан айында, балаларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқымыз келеді.

Бауыржан Бекарыстанұлы жылда, Рамазан айында, біздің балаларды тәттілермен, жемістермен және мерекелік түскі аспен қуантып, қайырымдылық жасайды.

Біздің қызметкерлер мен балаларымыз, Сізге жан жылулығыңыз бен қайтарымсыз көмегіңіз үшін үлкен рақмет айтады. Сізге барлық игі ниеттеріңіздің табысты іске асуын, армандаған тілектеріңіздің орындалуын, амандық, бейбітшілік, жақсылық тілейміз!

Оқылды 295 рет