ҚР ҰҚК басшылығына және ұжымын алғыс білдіреміз

Сәуір 27, 2021

Көп жылдар бойы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері елордалық балалар үйіне көмек қолын созып келеді.

Осы жолы да, олар шетте қалмай, балалар үйінің аумағына екі жеміс ағашы мен 12 шаған көшеттерді отырғызуға қатысты. Бұл акция "Таза табиғат" жалпыұлттық экологиялық жобасы аясында өтті.

ҚР ҰҚК басшылығына және ұжымына қала мен оның кішкентай тұрғындары үшін осындай маңызды және қажетті іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Біздің үй одан да жақсы және жайлы болады, осындай ағаштардың көлеңкесінде бүлдіршіндеріміз ойын ойнап, өздерінің сүйікті істерімен айналыса алады. Сіздерге зор денсаулық, қызметте табыс, бақыт, бейбітшілік, амандық тілейміз!

 

Оқылды 350 рет