Балалар үйі қызметкерлерінің кезекті жиналысында әдіскер Оксана Евгеньевна Гречишкинаның және аға тәрбиеші Лаура Сериковна Бурумбаеваның Глен Доманның "0-ден-4 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту әдістемесі" бойынша сюжеттік – рөлдік презентациясын, сондай-ақ Воскобовичтің оқыту және дамыту ойындарын көрсетті. Оқу материалын балалар үйінің тәрбиешілері импровизацияланған құралдардан жасап, тәрбие мен білім беру іс-тәжірибиесіне еңгізген.
Бұл әдістер балалардың ұсақ қол моторикасын мен ойлау қаблеттерін дамытады.
Балалар үйінің педагогтары балалардың ұйымдастырылған оқу қызметтерін жаңашыл технологияларды қолданып өткізуге тырысады. Біз балаларымыздың ақылды, білім құмар және жан-жақты дамығанын қалаймыз.
Ұстаздарға қажырлы еңбегі мен бала тәрбиесіне шығармашылық көзқарасы үшін алғыс айтамыз. Денсаулық, қажымас қайрат және кәсіби жетістіктер тілейміз. Еңбектері табысты, әрі жеңісті нәтижелермен қуансын!