Біздің балалар үйінде сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Бұл бөлме, жұмсақ жабынмен, қабырға және еден төсеніштерімен жабдықталған. Онда жастықшалар, құрғақ бассейн шарлармен, қауіпсіз айналар, ауа көпіршігі бағанасы, тактилді жолдар және құммен сурет салуға арналған панельдер бар. Бөлме, талшықты-оптикалық әсер ететін (жұлдызды аспан, жұлдызды жаңбыр), аспалы қозғалмалы құрылымдармен (айна шар, құрғақ жаңбыр) түрлі жарық жасайтын құрылғылармен жабдықталған. Мұндай бөлме музыкалық жүйемен толықтырылған.
Психолог мамандарымыз Гүлжан Алтынбекқызы Тулесова және Зәуреш Төлегенқызы Мамина, бұл бөлмеде біздің кішкентай тұрғындарымызбен сабақ өткізеді. Бұл бөлме балаларға мекемеге бейімделуге көмектеседі. Тактилді жол сәбилердің аяқтарын уқалайды және балалардың сенсорлық дағдыларын дамытады және оларды жылы мен суық, кедір-бұдыр және тегіс, жұмсақ және қатты арасындағы айырмашылықтарды білуге үйретеді. Ауа көпіршігі бағанасы, жұмсақ судың шуылы, көпіршіктердің бірқалыпты қозғалысы балалардың жалпы жағдайына жағымды әсер етеді. Шарлары бар бассейн баланың сенсорлық интеграциясы мен жақсы көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі.
Сонымен қатар, сенсорлық бөлмеде құм панелі бар. Құм ойындары қиялды және қолдың ұсақ моторикасын дамытады, балаға өзінің «Менін» ашуға, ішкі және сыртқы әлемді байланыстыруға көмектеседі. Сондай-ақ, мамандар саз, бұршақ, дән, тас, пластилин, қағаз сияқты түрлі материалдарды пайдаланады.
Балалар үшін сенсорлық бөлме жайлы атмосфера жасайды, эмоционалды жағдайын жақсартады, стрессті және мазасыздық сезімдерін басады.
Мұндай терапия сәбилердің көңілін аударып қана қоймай, оларға қорқыныш пен сенімсіздікпен күресуге, сондай-ақ психо-эмоционалды жағдайларын теңестіруге көмектеседі.