Біз, балалар үйінің ұжымының атынан, «Ана үйі» қоғамдық қорына, оның атқарушы директоры және меценат Анар Амангелдиновна Рахимбаева ханымға алғыс айтамыз. Анар Амангелдиновна Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не үнемі демеушілік жасап, қолдау көрсетіп отырады. Осы жолы да бізге, балаларға және ересектерге арналған мән-мағынасы жоғары кітаптарды сыйға тартты.
Біз қордың көрсеткен қамқорлығы үшін ризамыз. КІТАП – бұл барлық уақытта да ең керемет сыйлық болып табылады! «Ана үйі» қорының барлық қызметкерлерін 1 мамыр мерекесімен шын жүрегімізден құттықтаймыз!
Сіздерге жобаларыңызды сәтті жүзеге асыруды, жаңа жеңістер, өркендеу, сәттілік, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!