1 мамырда Қазақстан мейірімді әрі жарқын мерекелердің бірі - Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл 140-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұратын елде, бейбіт өмір сүру үшін, аса қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі. Қазақстанның үлкен отбасына қазақтар, өзбектер, орыстар, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, қытайлар, еврейлер, армяндар, грузиндер және тағы басқалар кіреді. Бұл халықтардың әрқайсысы өзінше ерекше, бірақ Қазақстан аумағында олар - біртұтас достас халық. Мамыр мерекесінің мәні де осында.
Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, біздің тату да көпұлтты отбасымызда «Бір шағырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Барлық қатысушылар мерекені ұйымдастыруға шығармашылықпен кірісті - олар әр ұлттың киімдерін көрсетті, әндерін айтып, билерін биледі, ұлттық ойындарын көрермендермен бірге ойнады.
Қазақстан халықтары біртұтас және бұзылмас.
Біз әр отбасына бақ-береке, бейбітшілік, денсаулық пен биік белестер тілейміз, өйткені әркімнің бақыты - бұл үлкен болашақтың құрамдас бөлігі. Бақытты болыңыздар!