1965 жылдан бастап, көптеген елдерде Халықаралық мейірбике күнін атап өтеді. Бұл кәсіби мереке халықаралық мейірбикелер кеңесімен құрылған және осы күн деп белгіленген. Дәл осы күні Қырым соғысына қатысқан, қайырымдылық мейірбикелер қызметінің негізін қалаған Флоренс Найтингейл дүниеге келген.
2021 жылғы 12 мамырда астаналық балалар үйінде, Халықаралық мейірбикелер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Балалар үйінің ұжымы, біздің мейірбикелерімізді шын жүректерінен мерекелерімен құттықтады. Олардың құрметіне құттықтаулар айтылып, ән шырқалды. Қызықты ойындар мен конкурстар өткізілді.
Мекемеміздің директоры Сәуле Кенжетайқызы мейірбикелерімізді құттықтап, олардың ерен еңбектеріне рақмет айтты. Кәсіподақ комитеті сыйлықтар ұсынды, ал біздің мұғалімдер оларға гүл шоқтарымен сыйлады. Құрмет грамоталармен, алғыс хаттармен: Айгүл Тайгариновна Ахмедина, Алмагуль Жумагуловна Аманжолова, Гулмира Тулепбергеновна Турлубекова, Венера Жиенбаевна Уразымбетова және Нургуль Ушкемпировна Акишовалар марапатталды.
Құрметті біздің Мейірбикелер! Сіздерді шын жүректен Халықаралық мейірбикелер күнімен құттықтаймыз! Сіздер басқаларға қарағанда, ең жылы тілектерге және шынайы алғыс сөздерге лайықсыздар. Сіздердің әрбір сағаттағы пайдалы жұмыстарыңыз үшін, басымызды иеміз. Армандарыңыздың орындалғанын, сүйікті істеріңіздің шабыт сыйлағанын тілейміз! Ал әрбір жұмы күні, Сіздердің кәсіби өсулеріңіздің және дамуларыңыздың бір қадамы болсын! Дендеріңіз сау, бақытты және табысты болыңыздар!