Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-де, әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Бауыржан Құрманғазыұлы Габдуллин қызметкерлерге «Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың негізгі бағыттары» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.
Ұйымдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелері және оны алдын алу шараларының әдістері нақтыланып, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қамтылған кейбір ұғымдар нақтыланып, түсіндірілді.