Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданының әкімдігіне және аудан әкімі Есполов Бектенбай Тілектесұлына алғыс білдіреміз

Мамыр 27, 2021

Бүлдіршіндер мен елордалық балалар үйі ұжымының атынан, Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданының әкімдігіне және аудан әкімі Есполов Бектенбай Тілектесұлына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тұрақты көмек және қолдау көрсеткені үшін "рахмет" айтамыз. Біз, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне деген ерекше қарым-қатынасыңызға, біздің аумақты көркейтуге көрсеткен көмегімізге шын жүректен ризамыз.

Ескі асфальт жамылғысының пайдалану мерзімі әлдеқашан ескірген - көптеген шұңқырлар, жарықтар мен бұзушылықтар пайда болған. Қардың еруі және ұзаққа созылған жаңбыр кезеңінде кірме жолдарда су жиналуы болды. Қысқа мерзім ішінде мердігерлер абаттандыру жұмыстары мен дренажды құдықтарды орнатуды аяқтады.

Кірме жол кеңейтіліп, жамау жұмыстары жасалды, жаяу жүргіншілер жолдары жабдықталды. Қазір балалар үйінің аумағы ұқыпты және тартымды көрінеді. Ал жаңбырдан кейін үлкен көлшіктер болмайды, балалар мен қызметкерлерге үлкен көлшіктерді айналып өтудің қажеті жоқ.

Құрметті Бектенбай Тлектесұлы, Сізге және өзіңіз басқарып отырған ұжымыңызға мықты денсаулық, жемісті еңбек және жұмыстарыңызға үлкен табыс тілейміз!

 

Оқылды 341 рет