Бала - үлкен бақыттың кішкентай бөлшегі, әр ересек адамның өмірін шынайы қуаныш пен жылулыққа толтыратын керемет. Балалар махаббат пен қамқорлыққа, ата-ананың мейіріміне мұқтаж және әр баланың жүрегі осы кішкентай бақытқа бөленбегенін қалайды.
Халықаралық балаларды қорғау күні - ең ертедегі халықаралық мерекелердің бірі, ол 1950 жылдан бері бүкіл әлемде аталып келеді.
Жаздың алғашқы, тамаша күнінде, біздің балалар үйінде "Цирк әлемінде" атты ауқымды, салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні балалардың керемет күлкілері естіліп, көңілді әуендер ойналды. Балалар би билеп, өлең оқып, сүйікті ойындарын ойнады. Мерекені Сека мен Бека атты сайқымазақтар ашты. Періштелердің сәбилермен бірлескен биі ешкімді бей-жай қалдырмады. Балаларға қонаққа Боря атты жолбарыс пен оның жаттықтырушысы, сиқыршы келді. Көңілді демалысты ашулы Тамшы бұза жаздады. Бірақ оған «Күн мен жаңбыр» ойыны және барабаншылардың өнері ұнағаны соншалық, ол мерекені бүлдірмеуге бел буды.
Алғашқы қадамдарын жасап жатқан бүлдіршіндеріміз Ерсайын мен Аделяға тұсау кесу рәсімі өткізілді. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратұлы Мұратов және Нұр-Сұлтан қаласы мәдениет бөлімінің басшысы Нұрлан Әлімжанов мырзалар сәбилеріміздің тұсауын кесіп, сыйлықтар тарту етіп, ақ ниеттерімен ақ жол тіледі.
Елордалық балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаменті ұйымдастыратын "Таза болса табиғат - аман болады адамзат" сурет салу байқауына қатысып, 3 жүлделі орынды және Экология министрі М.Мырзағалиевтың мақтау грамотасы мен 25 000 теңгелік сыйлық сертификатын ұтып алған Мұхамед-Әли Жүсіповты жеңісімен құттықтап, марапаттады.
Мереке соңында, Тимур Мұратұлы және Нұрлан Әлімжанов мырза, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп, қамқорлық танытқаны үшін бас дәрігер Сәуле Кенжетайқызын және балалар үйінің ұжымын атаулы мерекемен құттықтап, өздерінің шексіз алғыстарын білдірді.
Барлық балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Әр баланың берік жанұясы болуын және бақытты балалық шақтан ләззат алуын тілейміз! Балалардың күлкілері біздің жер шарымызды нұрландырсын және жердегі әрбір сәби сау және бақытты болсын!!!