2021 жылдың 03 маусымында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-і базасында жұмыс кездесуі өтуде. Кездесу тақырыбы: «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру». Кездесуге қатысушылар: Мағрипа Хамитқызы Ембергенова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баланы қорғау департаментінің директоры; Тимур Мұратұлы Мұратов - денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Қарақат Жақсылыққызы Әбденова – қоғам қайраткері, әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі; Гулназ Төленқызы Досмұрзаева - Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, Жанар Жұмажанқызы Садуова - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баланы қорғау департаментінің басшысы, Нэлля Нуруллаевна Дощанова - Нұр-Сұлтан қаласының ювеналды полиция бөлімінің бастығы, Жанаргүл Қабылдақызы Алпысбаева - Нұр-Сұлтан қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрайымы, «Қамқорлық» ҚҚ және «Қасиетті Жол» ҚҚ өкілдері. Қазақстандағы балалар үйлерінің бас дәрігерлері мен директорлары.
Кездесуді Нұр-Сұлтан қаласы балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы Кенжебаева ашты. Кездесудің алғашқы күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баланы қорғау департаментінің директоры - Мағрипа Хамитқызы Ембергенова, Нұр-Сұлтан қаласының ювеналды полиция бөлімінің бастығы - Нэлля Нуруллаевна Дощанова, Нұр-Сұлтан қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрайымы - Жанаргүл Қабылдақызы Алпысбаева, Ақтау қаласы облыстық мамандандырылған балалар үйі МКМ-і бас дәрігері - Сара Мұхамбетқалиқызы Ермұханова, Қызылорда қаласы облыстық мамандандырылған балалар үйі МКҚК бас дәрігері - Гүлсім Естайқызы Ержанова, СҚО Балалар үйі МКМ-і директоры - Лилия Муратжановна Федотова, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің бас дәрігері - Ләтипа Қамзақызы Қожамқұлова өз баяндамаларымен таныстырды.