1992 жылдың 4 маусымы күні – ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды.
Тәуелсіздігіміз баянды, егемендігіміз еңселі болу үшін, біз елімізді, туған жеріміз бен Отанымызды ардақ тұтуымыз керек. Оның ең алғашқы қадамы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуден басталады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-де, 4 маусым - Қазақстан Республикасының рәміздері күні мерекесіне байланысты іс-шара болып өтті. Бұл атаулы күн біздің мекемеде өтіп жатқан Республикалық жұмыс кездесуімен тұспа-тұс келгендіктен, жұмыс күні кездесу қонақтарымен бірге мемлекеттік әнұран айтудан басталды. Сонымен бірге, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында, «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында топтарда отбасылық сағаттар өткізілді.