Мұражай дегеніміз не? Ол кім үшін керек? Балалар үйінде мұражай не үшін қажет? Тарих – біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Құжатсыз тарих жоқ, өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ.
Елордалық Балалар үйінде мұражай бұрышын құру идеясы жайдан-жай пайда болмады. Ескі фото-суреттері, балалардың әңгімелерін қарастыра отырып, біз бәрін көріп, білуіміз керек екенін түсіндік.
Біздің Балалар үйінің тарихы қалалық мұрағаттан табылған құжаттарға сәйкес, XX ғасырдың 20-жылдары Ақмола қаласында басталды. Балалар үйінің ғимараты әр жылдары Куйбышев, Социалистік, Мәскеу және т.б. көшелерінде болған.
Әсіресе соғыс жылдарындағы балалардың әңгімелері ойлануға мәжбүр етеді. Бүкіл отбасылардың өмірі «Анасы қайтыс болды, әкесі майданда қаза болды», «Анасы – ГУЛАГ-тың тұтқыны, әкесі белгісіз».... деп кішкентай қағаздардың артында жазылған. Әр уақытта Балалар үйінің сәбилеріне жүрек жылуын сыйлаған адамдар болды.
Мұражай бұрышы салтанатты түрде ашылды. Қызыл лентаны Қазақстандық қоғам қайраткері, Еуразиялық медицина қауымдастығының президенті – Надежда Михайловна Петухова мен және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДСДРО) басқармасының төрағасы – Қамалжан Талғатұлы Надыров кесті.
Мұражай бұрышында фотосуреттер мен құжаттардан басқа, Vintage агенттігі, біздің бұрыннан келе жатқан досымыз Виктор Александрович Радченко сыйға тартқан – 1954 жылғы Балалар үйінің ғимараты миниатюралық макетте жасалған экспонаты бар, ол визуалды түрде қасында тұрғаннан өткеннің әсерін толықтырады...
«Құрметті қонақтар» кітабы мұражай бұрышынан өз орнын тапты. Тарихты сақтау маңызды болып келеді. Біздің мұражай бұрышымыз – мақтаныш, және де нағыз қазына.