Біздің балалар мекеме мамандарымен бірге күрек, тырма, су құятын ыдыс алады. Балалар ересектерге белсенді көмектесуде. Сыртқа серуендеуге шыққанда, балалар мен мамандар қызанақ, қияр, құлпынай көшеттерін отырғызады. Сонымен бірге біз шалғам, салат, асқабақ, жүгері, пияз, сәбіз, аскөк ұрықтарын септік.
Қуанышты және шабыттанған балалар қуана-қуана жұмысқа кірісті. Балалар ересектерге көмектесуді, табиғатты аялауды ғана емес, сонымен қатар өздерінің тәжірибесі мен сөздік қорларын байытады, айқын әсерлерге бөленеді. Бақшада бірлесіп жұмыс жасау, балалардың өсімдіктерді тірі организмдер екендігі туралы түсініктерін, өз еңбектерінің нәтижелерінен ләззат алу мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Ал осы бақшаға қамқорлық жасау, алғашқы көшеттерін отырғызу және олардың шығуын тамашалау, балаларға көп қуаныш сыйлайды.