6 шілдеде Еуразияның інжу-маржаны - біздің республикамыздың астанасының пайда болғанына 24 жыл толады.
Елорда күніне орай, біздің балалар үйінде, бүлдіршіндеріміз бен қызметкерлерімізге арналған мерекелік іс-шара өтті. Барлығымыз бірге сүйікті қаламыздың қарқынды дамуы туралы бейнефильм көрдік, тарихи оқиғаларды еске түсірдік және викториналық сұрақтарға жауап бердік. Музыкалық жетекші Жайна мен казак тілі пәнінің мұғалімі Қарлығаш Лесбайқызының орындауындағы «Туған жер» әні балалар мен ересектердің жан дүниесін тербеді.
Үйіміздің директоры Сәуле Кенжетайқызы өзінің жүрек жарды тілегімен балалар мен қызметкерлерді қала күні мерекесімен және «Құрметті дәрігер» республикалық байқауына қатысып, алғыс хатқа ие болған директордың ЕПЖ жөніндегі орынбасары Анаргүл Нұхайқызы мен әлеуметтік педагог Оксана Владимировнаны қызметкерлердің атынан құттықтады.
Мерекелік іс-шара соңында ұжым «Астана кеші» әнін шырқады.