Шілде айының 03 жұлдызында, біздің балалар үйіне «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру шеңберінде жұмыс сапарымен, бір топ партия мүшелері келді.
Олар: ҚР парламенті мәжілісінің депутаты - Динара Болатқызы Закиева, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаттың депутаты - Динара Сатжанқызы Байсеркина, «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы Болысбек және «Нұр Отан» партиясы «Алматы» аудандық филиалының саяси кеңесінің мүшесі - Бибігүл Қадырқызы Искакова.
Келген қонақтар ұжыммен кездесіп, сұрақтары мен ұсыныстарын, тілектерін тыңдады. Көкейкесті, маңызды сұрақтарға жауап берді. Қолдарынан келгенше көмек көрсететіндерін де атап айтты.
Директорымыз Сәуле Кенжетайқызы ұжымның атынан, келген қонақтарға алғыс айта отырып, алдағы келе жатқан астанамыз Нұр-Сұлтанның туылған күнімен құттықтап, ізгі тілектерін айтты.
Қонақтарымыз да біздің балалар үйінің жұмысы жайлы жақсы пікірлер айтып, мерекемен құттықтады.