2020 жылы жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында біздің балалар үйінде 2020 жылдың 20 сәуірінен 12 мамыры аралығында тәулік бойғы жұмыс режимі енгізілді. Бұл мекеме қызметкерлері үшін табандылықтың, шыдамдылық пен төзімділіктің нағыз сынағы болды. Балалар үйі ұжымының күш-жігерінің, жүргізілген алдын алу іс-шараларының арқасында коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алуға қол жеткізді, балалар үйінің қызметкерлері мекеменің кішкентай балаларын, өздерін және жақындары мен айналасындағыларды аурудан қорғау үшін екпе алды.
Қазіргі уақытта 130 қызметкер коронавирустық инфекцияға қарсы егілді, вакцинация пайызы мекеме қызметкерлерінің жалпы санының 97,7% құрайды.