«Күнім» күндізгі оңалту тобының қорытынды ата-аналар жиналысы өтті

Шілде 13, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-де «Күнім» күндізгі оңалту тобының қорытынды ата-аналар жиналысы өтті. Үш ай ішінде білікті мамандардың көмегімен балалардың үйлесімді дамуына көмектесу үшін арнайы жұмыстар жасалды. Мекемедегі балаларға медициналық-профилактикалық көмек, педиатрлардың, оңалту дәрігерінің  және невропатолог дәрігердің  қатысуларымен  жүзеге асырылады. Балаларға қамқорлық жасаумен тәрбиешілер, тәрбиешінің көмекшілері, логопед-психологтар айналысады.

Кездесу барысында балалар үйінің мамандары ата-аналарды жұмыс жоспарларымен таныстырды. Мамандар әр баланың жеке даму ерекшеліктері туралы әңгімеледі, балалардың үйлесімді дамуына арналған ұсыныстарын айтты. Осы үш айлық оңалту курсынан кейін, балалардың дамуында оң динамика көрсетті.

Өз кезегінде ата-аналар балалар үйінің ұжымына, әсіресе директор Сәуле Кенжетайқызына балаларға деген ұқыптылығы мен сезімталдығы, кәсіби шеберлігі мен қолдаулары үшін ризашылықтарын білдірді. Азизаның әжесі балалар үйінің ұжымына денсаулық, амандық және ары қарай өркендей беруге ақ тілегін білдірді.

Оқылды 276 рет