«Кене энцефалитінің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті

Шілде 23, 2021

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің медбикесі Гүлнәр Әскербекқызы Абилкадирова, қызметкерлерге арналған «Кене энцефалитінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Ауруды емдеу әдістері және ауруды жедел алдын алу туралы түсіндіріп берді. Сондай-ақ, зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету, кенелерді алып тастау және зертханалық тексеру тәртібі жайында және аурудың клиникалық белгілері туралы толық түсіндірді.

Оқылды 341 рет