Балалар үйіне Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі келді

Тамыз 11, 2021

Балалар - біздің болашағымыз!

10 тамызында астаналық балалар үйіне Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының әкімі Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы келді. Директор Сәуле Кенжетайқызының сүйемелдеуімен әкім балалар үйіне экскурсия жасады, ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен, мамандардың жұмысымен танысты. Әкім күндізгі топтар - «Күнім» оңалту тобы мен «Ботаған» ТЖС балалар тобының жұмысына ерекше назар аударып, жас ұрпақтың денсаулығына қызығушылық танытты, балаларға көмектесуге ниет білдірді.

Балғындарымыздың денсаулығы мен қажеттіліктеріне қатысты сұрақтарын қойып, қандайда бір көмек қажет болған жағдайда қол ұшын беретінін айтып, қолдау көрсетуге ниетін білдірді. Бүлдіршіндерімізге жанашырлық көрсетіп, жылы жүректен, ізгі ниетпен білдірген қамқорлығы үшін «Алматы» ауданының әкімі Бекмурзаев Ерлан мырзаға алғысымызды білдіреміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
Оқылды 378 рет