«Күнім» күндізгі оңалту тобында ата-аналар жиналысы өтті

Тамыз 13, 2021

10 тамызда балалар үйінде «Күнім» күндізгі оңалту тобында ата-аналар жиналысы өтті. Кездесу барысында мамандар ата -аналарға балаларын оңалту және болашаққа жоспарлар туралы ақпарат берді. Біз әр баланың даму ерекшеліктеріне ерекше назар аударып, ұсыныстар бердік.

Өз кезегінде ата -аналар сұрақтар қойып, жан -жақты жауап алды. Жиналыс соңында психолог маманмен топтық жұмысқа арналған ойындар  ойнатылды. Ата -аналар балалар үйінің қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Оқылды 437 рет