«Қарақшылардың таңғажайып хикаялары атты» ертегісінің қойылымы болды

Тамыз 19, 2021

Біздің балалар үйінде «Бөбек» тобының ұйымдастыруымен «Қарақшылардың таңғажайып хикаялары атты» ертегісінің қойылымы болды. Ертегі желісі бойынша, қарақшылырға үлкен көк кит шабуыл жасап, кемелері суға батып кетті. Қарақшылар су жағасында отырған су перісін ұстап алды. Су перісі оларға бір шарт қояды, егер қарақшылар балалармен ойын ойнап, би билейтін болса, ол алтын салынған сандықты тауып беретінін айтады. Балаларға қарақшылармен, су перісімен бірге ойындар ойнап,би билеген өте қатты ұнады. Ал қарақшылар болса,тауып алған сандықтарынан балаларға түрлі тәттілерді таратты.

Оқылды 383 рет