Қарлы желтоқсан, аязды қаңтар және ызғарлы ақпан – қыстың 3 айы, көптеген қуаныш пен мереке әкеледі. Қар жамылғысына оралған қысқы табиғат көктемді күтеді.
Бүгін біздің бүлдіршіндеріміз керемет сыйлықтарға ие болды. Жұмсақ әрі жылы, әдемі және ыңғайлы киімдер балаларымыздың көңілін көтеріп, қуаныш сыйлады. Балдырғандарымыздың жүзінен қуанышты көру біз үшін үлкен бақыт. Біздің балаларымыздың сүйікті досы Фаттах Каюмович әрқашан біздің балаларымызға қамқорлығын көрсетіп, мейіріміне бөлеп жүреді. Фаттах Каюмовичтің арқасында қыстың суық күндері біздің балапандарымызға жылы әрі жайлы болады.
Құрметті Фаттах Каюмович, балалар үйінің ұжымы сұлу қыздарымызға арналған әдемі сәнді көйлектер, сері жігіттерімізге стильді костюмдер, жылы қыстық аяқ киімдер, комбинезондар, курткалар мен свитерлер, спорттық киімдер, купальниктер мен сүлгілер, жылы бас киімдер мен қалың қолғаптар түрінде көрсетілген қайырымдылық көмегіңіз үшін алғысын білдіреді. Сіз көп жылдардан бері балаларымызға көңіл бөліп, қамқорлық көрсетіп, қуанышқа бөлеп келесіз. Сізге мықты денсаулық, мол табыс, береке мен бақыт тілейміз!