«Ботақан» күндізгі тобында ата-аналар жиналысы өткізілді

Қырқкүйек 10, 2021

Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде және онлайн форматта өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

Ата-аналар жиналысының мақсаты ата-аналардың балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыру, ата-аналарды үйде және балалар үйінің балабақша жағдайында балалардың денсаулығын нығайту мен сақтауға және шығармашылық тұлғасын дамытуға ықпал ететін негізгі факторлармен таныстыру болды.

Жиналысқа директордың емдеу-алдын алу ісі жөніндегі орынбасары Смагулова Анаргүл Нухаевна, тәрбиеші Сәулетай Әбсаттарқызы, психолог Гүлжан Алтынбековна, логопед Күлпаш Дуйсенбековна, педиатр-дәрігер Багира Игеновна, аға тәрбиеші Лаура Сериковна, әдіскер Оксана Евгеньевна қатысты. Мамандарымыз ата-аналарға балалардың 2 айдағы нәтижелері, жетістіктері туралы айтып берді.

Ата-аналар ұжымымызға ата-аналар жиналысын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Оқылды 380 рет