Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін — ұлы.
Шыңғыс Айтматов
«Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Қазақстан халқы тілдері» мерекесін тойлауға бағытталған «Тілдер достығы» танымдық ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.
Танымдық бағдарлама әлемнің әртүрлі тілдерінде «Мен сені сүйемін» сөзі айтылған бейнебаян көрсетілімімен басталды. Мерекелік шарада түрлі әндер мен күйлер орындалып, тәрбиешіміз Мырзахметова Ақмарал ақын Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін жатқа оқыды. Ал, қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері «Алдар Көсе» бүлдіршіндерімізбен бірге «Ұлттық музыкалық аспаптардан Пазыл құрастыр» логикалық ойынын, «Арқан тарту», «Ақ серек, көк серек», «Тақия тастамақ» ұлттық ойындарын ойнатып, көңілдерін көтерді.
Іс-шара балаларымыздың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, ана тілін құрметтеп, қадір-қасиетін ұғунулары үшін арнайы ұйымдастырылды.