Күзгі сенбілік – таза қалада өмір сүру ғана емес, сонымен бірге күз мезгілінде мұңын сейілту және уақытты тиімді өткізіп, таза ауада серуендеу.
Жапырақты күзде «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-сі қызметкерлері дәстүрлі күзгі сенбілікке шықты.
Балалар үйі ұжымы белсенді және көңілді жұмыс істеді. Өйткені сенбілік – бұл тек еңбек ету мен тазалау ғана емес. Бұл қарым-қатынас, эстетика, жақсы көңіл-күй, қоршаған ортаға қамқорлық, және жас ұрпаққа керемет үлгі!
Таза ауада жұмыс істеу бәріне үлкен қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сенбілік көңілді және қызықты өтті.