Татьяна Ивановна ханымға алғыс білдіреміз

Қырқкүйек 27, 2021

Қыс – ең суық жыл мезгілі, аяз бен борандардың уақыты. Соған қарамастан, бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар.

Қыстың аязды күндерінеде балаларымыз тоңып қалмай, өздері сүйіп ойнайтын шанамен сырғанаулары үшін біз қысқа толық дайынбыз! Біздің үйдің кішкентай тұрғындарына Орал қаласынан арнайы жылы сәлемдеме тоқыма шұлықтарды, Татьяна Ивановна ханым жолдады. Енді бүлдіршіндеріміз қыс мезгілінің ызғарынан қорықпай, уақыттарын таза ауада көңілді өткізе алады.

Құрметті Татьяна Ивановна ханым!

Сәбилерімізге жолдаған арнайы сәлемдемеңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз. Мейіріммен тоқылған жылы шұлықтарыңыз бүлдіршіндерімізді жылытып, суық тигізіп алудан қорғайды. Сізге мықты денсаулық, бақыт, және шығармашылық табыс тілейміз. Қайырымды істеріңіз,. Сізге екі есе жақсылық болып оралсын.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 305 рет