Балалар үйінің әкімшілігі Сізге және «GARMONYASVODOY» компаниясы ұжымына, отбасы жылуынан тыс қалса да, өздеріңіздей жанашыр жандардың жақсылығы жанына жылу сыйлайтын біздің бүлдіршіндерімізді, назарларыңыздан тыс қалдырмай, 4 жыл бойы қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Гидромассажды душтарды жөндеуге және өзгеде қажетті жөндеу жұмыстарындағы көмектеріңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
Сізге және ұжымыңызға мықты денсаулық, кәсіби өркендеу, шығармашылық табыс, шексіз бақыт тілейміз.