Біздің тұрақты меценатымыз және досымыз Фаттах Каюмович мырзаға алғысымызды білдіреміз

Қырқкүйек 28, 2021

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі, біздің тұрақты меценатымыз және досымыз Фаттах Каюмович мырзаға балаларға арналған керемет ыдыстар жиынтығы үшін алғысын білдіреді. Ұлдар мен қыздарға арналған әдемі ыдыс-аяқтар біздің балаларымызға көтеріңкі көңіл-күй мен үлкен қуаныш сыйлады. Сүйікті кейіпкерлері бейнеленген тамаша ыдыстар балаларымызға үйдегідей жайлылық жасауға көмектеседі.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға деген адал ниетіңіз бен ерекше қамқорлығыңызға рахмет! Сізге мықты денсаулық, молшылық, жетістіктер мен табыс тілейміз.

Оқылды 413 рет