Туған күніңмен Алихан

Қырқкүйек 28, 2021

«Үміт» тобының кішкентай ханзадасы – Алихан 3 жасқа толды. Өзінің есте қаларлық ерекше мерекесін көңілді өткізуі үшін, Алиханның достары қонаққа Аю мен Қоянды шақырды. Ал мекемеміздің мамандары бірлесіп құрған қайырымдылық топ мүшелері Алиханға ерекше тосын сый жасады. Әдемі үрме шарлар мен өзі армандаған ойыншықты сыйға берді. Алиханды  өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз.

Қыран болып самғап, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, ботақан.

Көлдей көңіл тілейміз таусылмайтын,

Өзендей өмір болсын сарқылмайтын.

Аспаның әрдайым ашық болсын,

Арманың тау шыңындай биік болсын!

Оқылды 356 рет