Жеке кәсіпкер Жамаш Сандуғашқа үлкен алғыс білдіреміз

Қазан 13, 2021

Елордалық балалар үйінің әкімшілігі жеке кәсіпкер Жамаш Сандуғашқа төсек-орын жиынтығы түрінде көрсетілген қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді.

Жоғары сапалы, экологиялық таза материалдардан балаларымыз үшін арнайы тігілген  жылы көрпе тыстары, жаймалар және жастық тыстары оларға үйдегідей жайлылықты сезінуіне мүмкіндік береді. 

Сізге, бақыт, мықты денсаулық, жеке кәсібіңізге табыс пен өркендеу тілейміз.

Оқылды 462 рет