«Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өтті

Қазан 08, 2021

08.10.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өткізілді.

Мерекелік іс-шараға қонаққа балдырғандардың сүйікті кейіпкері Аю келді. Балалар Аюмен түрлі қызықты ойындар ойнады.

Үш ай көлемінде балалармен реабилитолог, невропатолог, дәрігер-педиатр, массажист, ЕДШ инструкторы жұмыс жасады. Ал балдырғандардың күтімі мен біліміне тәрбиешілер мен күтушілер, психолог, логопед, монтессори және музыка жетекшісі жауапты болды.

Мекемеміз ұжымының үш айлық еңбегі өзінің оң нәтижесін көрсетті. «Күнім» тобының сүйкімді ханашайымы Қызпатшаның тұсау кесер рәсімін өткіздік. Балапанның өмірге құштарлығы, алғырлығы, ерік-жігері мен мамандарымыздың ерекше күтімі, қамқорлығы, еңбегінің арқасында Қызпатша өзінің алғашқы қадамдарын жасады. Қылықты бүлдіршініміздің тұсауын өмір жолы кедергісіз ашық болсын, көркем мінезді, ақылды болып бой жетсін деп, емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша директордың орынбасары  Смагулова Анаргүл Нухаевна кесті.

Қызпатшаға мықты денсаулық, шексіз бақыт, сәттілік тілейміз. Қуанышты, бақытты күндері көп болсын!

Оқылды 338 рет