«Partners Realty» ЖШС-не үлкен алғыс білдіреміз

Қазан 22, 2021

Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту – бұл мамандардың және баланың ұзақ және ауыр еңбегін қажет етеді. Сондықтан оңалту жұмыстары кезінде жетістікке қол жеткізу үшін арнайы оңалту жабдықтары қолданылады. Ерекше балалар қалпына келтірілуі, дамуы, өзін әлем мен қоғамның бір бөлігі ретінде қабылдауы және жай ғана бақытты өмір сүруі керек. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бізде білікті мамандар тобы жұмыс істейді.

Мейірімділік – адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі. Ол адамдардың басқаларға жан жылуын, ізгі ниеті мен лебізін білдіруінің көрінісі.

Балалар үйінің әкімшілігі мен ұжымы балалар атынан «Partners Realty» ЖШС-не ерекше қамқорлықпен бүлдіршіндеріміздің ойын алаңдарының көркіне сән беретін демалуға арналған орындықтар мен оңалту жабдықтары түрінде көрсеткен көмегі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, істеріңізге сәттілік пен табыс, өркендеу тілейміз.

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 392 рет