Бүгін балалар үйінің апталық қорытынды жиналысында “Войта қағидасы: рефлекторлық ілгерілемелі қозғалыс кезінде және қозғалыс онтогенезінде бұлшық еттер ойыны" тақырыбында мастер-класс өтті.
13-21 қыркүйек аралығында дәрігер-реабилитолог Айсұлу Есқалиқызы мен медбике-массажист Ұлтуған Төлегенқызы №6 қалалық емхананың "Балаларға арналған медициналық оңалту” базасында оқудан өтті. Олар алған білімдерін ұжыммен бөлісті.