Қазақ өнерінде өзінің өшпес ізін қалдырған ғажайып дарын иесі, екі рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталған Қазақ ССР-інің халық әртісі, Қазақ ССР-на еңбек сіңірген өнер қайраткері, күй атасы Құрманғазының қадірлі шәкірті, дәулескер күйші, композитор Дина Нұрпейісованың 160 жылдық мерейтойына орай – бүгін балалар үйінің апталық қорытынды жиналысында қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Карлыгаш Лесбайқызының күй анасының өнері мен өмір жолы жайлы мамандарымызға арнайы дайындаған бейнематериалы көрсетілді.
Дина Нұрпейісованың өмір жолы өте күрделі, тағдыры сынаққа толы. Алла Тағала тұла бойына тылсым өнер дарытқан күйші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында әйел баласының басында кездесетін сан-түрлі қиындықтың бәрін жеңіп шығып, жеке тұлға ретінде өзіне жүктелген аманатты келешек ұрпаққа аман тапсырды деп ойлаймыз. Ол аманат – қазақ күйі, домбыра шанағындағы тылсым дүние болатын.
Күй өнерінің бағына туған Дина әжеміздің орны қазақ халқы үшін өте ерекше.