Ата-аналар жиналысы өтті

Қараша 03, 2021

Бүгін «Күнім» оңалту тобында «Балаларды тәрбиелеу, оқыту, денсаулығын сақтау және нығайту мәселелері бойынша балалар үйі ұжымы мен ата-аналардың ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты мамандар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту болды.

Жиналысты директордың емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Анаргүл Нұхайқызы ашты. Ол жиналыстың мақсаты, міндеттері мен маңызы жайлы айтты. Жиналысқа реабилитолог-дәрігер, педиатр-дәрігер, әдіскер, психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушылары, медбике-массажистер, «Күнім» оңалту тобының тәрбиешілері қатысты.

Ата-аналар жиналысы оффлайн және онлайн режимінде ашық диалог түрінде өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.

  • 01
  • 02
Оқылды 395 рет