Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдерді ешкімнен ешқашан аямай, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айту керек. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есімізде сақтайық.
Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігі «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-і ұжымы мен бүлдіршіндерінің атынан «Бөбек» жанұя тобының тәрбиеші-көмекшісі Нұрсұлу Амантайқызына шын жүректен ризашылығы мен алғысын білдіреді. Әрбір бала мейірімді, ықыласты, сүйіспеншілікті, қамқорлықты қажет етеді, ал ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мұны екі есе қажет етеді.
Нұрсұлу Амантайқызы туыстарымен бірге балаларымызға әдемі кілем сыйласа, Нұрсұлу Амантайқызының ұлы Ержан Ибраев достарымен бірге балаларымызға қызықты кітаптар, жаялық, дәрі-дәрмек, кішкентай сәбилерге арналған ыңғайлы орындық сыйға тартты. Бүлдіршіндерімізге деген кіршіксіз таза көңілдеріңіз, ерекше қамқорлық пен мейірімдерісіз сәбилерімізге өзін толыққанды азамат ретінде сезініп, болашақта жақсы азаматтар болып өсулеріне үлес қосады. Сіздердің қайырымды істеріңіз көпшілікке үлгі болады деген сенімдеміз.
Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір және сәттілік пен табыс тілейміз. Істеген игі істеріңіздің сауабы мол болсын!