«Үйдегідей» бағдарламасы жүзеге асырылуда

Қараша 08, 2021

Елордалық балалар үйі ұжымының жұмысында 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап «Үйдегідей» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оқыту бірнеше модульдерге бөлінді. Оқытудың ең басты тақырыбы: «Дұрыс күтім туралы ғылым» болды.

03.11.2021 жылдан бастап жаңа қызметкерлердің құзыреттілігін арттыруға бағытталған оқыту тренингтері басталды. Алғашқы тренингтерде «Балалардың психикалық денсаулығы», «Бауыр басу теориясы» тақырыптары қарастырылды. «Джон» және «Гарри Харлоудың психологиясы» атты деректі фильмдер тренингке қатысушылардың барлығына ой салды.

Әрбір оқу-жаттығу жиыны қызметкерлердің шаршауын болдырмауға арналған жаттығулармен аяқталады.

Оқылды 304 рет