«Біз күн балаларымыз» атты басты мерекелік іс-шара өтті

Қараша 19, 2021

19.11.21 – «Біз күн балаларымыз» атты басты мерекелік іс-шара өтті. Әдемі безендірілген музыка залына балалар мен балалар үйінің қызметкерлері жиналды. Жүргізуші, Күлбикеш пен балалар зұлым Өгей анаға әр баланың өз құқықтары мен міндеттері бар екенін түсіндірді.

Шараға қонақтар – «Қазақ қызы» қыздарды мәдени-адамгершілікке тәрбиелеу институтының негізін қалаушы Қарақат Әбден және Назарбаев зияткерлік мектеп ата-аналары мен оқушылары қатысты. Қадірлі қонақтарымыз балаларға көңіл бөліп, сыйлықтарын сыйлады.

Шара соңында Қарақат Жақсылыққызы «Тұсау кесер» атты әдемі ұлттық ырымға қатысып, біздің ерекше кішкентай қызымыз Темираның тұсауын кесті. Барлық ата-аналар мен мектеп оқушылары балалар үйінің ұжымына алғыстарын білдірді.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 338 рет