Біздің қонақтарымыз

Қараша 24, 2021

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, жұмыс сапарымен Нұр-сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Нұр-сұлтан қаласы «Nur Otan» партиясы филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Салтанат Муханбетпанақызы Дженалаева ханым мен «Nur Otan» партиясы Нұр-сұлтан қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері» жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Қанат Ғалымжанұлы Естек мырза келді.

Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы қонақтарымызды мекеменің қызметімен таныстырып, жұмыс барысында қойылған сауалдарына жауап берді. Құрметті қонақтар мекемемізбен танысу барысында,  ЕДШ залы, монтессори кабинеті, бассейн, оңалту кабинеті, физиотерапия кабинеті, сенсорлық кабинет және логопед кабинетінде болды. Аталмыш кабинеттер мекемедегі балаларымызды оңалтуға, денсаулығын жақсартуға арналған. «Күнім» оңалту тобы, қиын өмірлік  жағдайға тап болған отбасылардың балаларына арналған «Ботақан» тобы және де жанұялық топтарындағы кішкентай бүлдіршіндеріміз, мекемемізге келген жарқын жүзді қонақтарды, қуана қарсы алды. Салтанат Мұханбетпанаққызы, Қанат Ғалымжанұлы біздің балаларымызға сыйлықтар табыстап, ұжымға алғыстарын білдірді.

Құрметті Салтанат Мұханбетпанаққызы және Қанат Ғалымжанұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кішкентай бүлдіршіндеріміздің және ұжымымыздың атынан, ерекше қамқорлықтарыңыз бен ілтипаттарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 361 рет