Шын жүректен алғыс білдіреміз

Қараша 26, 2021

Құрметті Абдурахман Сарвиназ Толкынкызы мен Тналина Сая Талгатқызы! Біздің бүлдіршіндеріміз Тимира мен Игнатқа алып берген көзілдірік пен окклюдерлер үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге бүлдіршіндерімізге көрсеткен қамқорлығыңызға, олардың әлемді жарқын әрі анық көруі үшін жасаған игі істеріңіз үшін рахмет. Балаларға көрсеткен көмектеріңіздің сауабы мол болсын! Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен сәттілік тілейміз! Келе Жатқан жаңа жылдарыңызбен! Қолға алған әрбір игі істеріңіз табысты болып, қуаныш сыйласын.

Оқылды 323 рет