Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, — дейді дана халқымыз.
Адамзат бойындағы ерекше бір қасиеттердің бірі – жанашырлық. Жанашырлық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Балалар үйінің ұжымы мен сәбилерінің атынын жанашырлықпен мекемемізге арнайы қар тазалау техникаларын көмек ретінде жіберіп, бүлдіршіндерімізге көрсеткен қамқорлығы үшін Қазақстан Республикасы ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметі ұжымына шексіз ризашылығымызды білдіреміз. Жақсылықтарыңыз жолдарыңызды жарық қылатын шамға айналып, Сіздерге барлық ізгілікті табыстасын. Денсаулықтарыңыз мықты болып, жоғары жетістіктер мен мол табысқа қол жеткізіңіздер.