Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, ізгі ниетімен, балаларымызға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы полиция полковнигі Омарбеков Ерлан Болатұлы мен орынбасары Мұхаметқалиев Асқар Мұратұлы бүлдіршіндерімізді мерекемен құттықтап, өздерінің керемет ерекше сыйлықтарын табыс етуге арнайы келді.
ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті ұжымына, және басшысы полиция полковнигі Омарбеков Ерлан Болатұлы мен орынбасары Мұхаметқалиев Асқар Мұратұлына, балаларымызға көңіл бөліп, қамқорлығыңыз бен мейірімдеріңізді көрсетіп, қолдау білдіріп, керемет сыйлықтарыңызбен шексіз қуаныш сыйлағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбек жолыңызға толағай табыс пен отбасыңызға береке-бірлік тілейміз!