Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің әкімшілігі бүлдіршіндердің атынан балалар үйінің тұрақты меценаты, балдырғандарымыздың жақын, жанашыр досы – Шодиев Фаттах Каюмович мырзаға балаларымызға арнайы сыйлаған интерактивті үстел түріндегі қайырымдылық көмегі үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті Фаттах Каюмович, Сіздің арқаңызда біздің балдырғандарымыз бос уақыттарын тиімді пайдаланып, интерактивті үстел көмегімен қызықты тапсырмаларды орындап, соңғы үлгідегі жаңа технолияның көмегімен сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ерекше сыйлығыңыз балаларымызға үлкен қуаныш пен бақыт сыйлады. Балаларымызға деген мейіріміңіз, қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз үшін алғысымыз шексіз.
Сізге мықты денсаулық, атқарып жатқан игі істеріңізге одан әрі өркендеу, барлық бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз.